Украинадағы дүкендердің бірі небәрі 1 гривнаға (шамамен 13 теңге) су жаңа жетінші «айфон» сататынын айтып, жер-жаһанды шулатты
22.10.2016, 17:12

Украинадағы дүкендердің бірі небәрі 1 гривнаға (шамамен 13 теңге) су жаңа жетінші «айфон» сататынын айтып, жер-жаһанды шулатты

Бірақ, бұл жеңілдіктің жауапкершілігі зор болып шықты.

Себебі әлемдегі гаджетқұмарлардың түн ұйқысын бұзған смартфонды бұл дүкеннен алу үшін адам өзінің төлқұжатындағы аты мен ата тегін «Сим Айфон» деп өзгертуі тиіс екен.   Бұл өзгерісті дәлелдеу үшін ол аты-жөні өзгертілген төлқұжатын осы шараны ұйымдастырушыларға апарып көрсетуі керек.  «Айфонға» бола тегін өзгерткен алғашқы бес адам анықталған кезде, шара аяқталып, жеңімпаздар өздері армандаған осы гаджетті ұйымдастырушыдан алып кете алады, деп жазады informing.ru.

 Сарбаз © sarbaz.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер