Шетелдіктер мен елорда қонақтарына кәдесыйлар таратылды (фото)
29.07.2017, 16:43

Шетелдіктер мен елорда қонақтарына кәдесыйлар таратылды (фото)

Астанадағы ЭКСПО-2017 шарасы аясында UNITED CITIZENS FOUND қоғамдық қоры "Халық маркасы" павильонының қарсы бетінде бір топ шетелдіктер мен қала қонақтарына еліміздің ерекшеліктерін білдіретін кәдесыйлар таратты, деп хабарлайды silteme.kz.

Аталған шара бүкіл әлем назарын өзіне аударып отырған айтулы шараға ақпараттық-имидждік тұрғыда атсалысуға бағытталған.

"Біз шетелдіктер мен отандастарымыздың көңілін тегін кәдесыйлармен көтергіміз келді. Қарап отырсақ, сувенирлердің бағасы шарықтап тұр. Содан арнайылап "Бәйтерек батыр" мен "Домби" атты ойыншықтар әзірлетіп, сый шашу жасауды көздедік" дейді ұйымдастырушылар. 

Өз кезегінде, шетелдік бірнеше кісі алғыстарын айтып тарқасты. 

 

Ал елордалық тұрғын Саят Ибрай есімді азамат кәдейсыйды қолына алып тұрып, қор өкілдерінің ісін жоғары бағалайтынын жеткізді. 

"Меніңше, бізге осындай ілкімді қадамдар жетіспейді. Өткенде, әуежайдан қонақүйге жеткенше әкесінің құнын сұрап, шетелдікті тонап кеткен таксистің жыры бәрімізге белгілі. Қатты ұятқа қалдық. Ал мынадай ишараттар еліміздің қонақжайлығы мен дархандығын паш етеді" деп атап өтті ол. 

Айта кетейік, UNITED CITIZENS FOUND қоғамдық қорының жұмысы - ғылыми-зерттеу, білім қызметі, республиканың ақпараттық кеңістігі, ғылыми-практикалық семинарлары, конференциялары, дөңгелек үстелдер жағдайы жөнінде әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру және жүргізуге бағытталған. Сонымен қатар, ел тарихын ұлықтау, рухани-мәдени негіздерімізді қайта жаңғырту, елдік маңызы бар шараларға атсалсу сынды міндеттердің аясында қызмет атқарады. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер