Басылымның хабарлауынша, Орталық «Қазақстан жастары – 2017» баяндамасын дайындау үшін зерттеу жүргізген. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты орталық қызметкерлері сауалнамаға жауап бергендердің 59 пайыздан астамы «Қазақстаннан көшкім келмейді» немесе «Қазақстаннан кеткім келмейді» деп жауап берген.
«Молодежь» орталығының ақпараты бойынша, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы 14-29 жас аралығындағы 2000-нан астам адамды қамтыған зерттеу білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізілген. Орталықтың бас сарапшысы Фарида Мұстаева «Қазақстан жастары – 2017» баяндамасын таныстыруда жастар саны кәдімгідей азайып бара жатқанын айтты. Оның сөзінше, 2014 жылы Қазақстандағы жастар саны 4 293 353 адамды құраса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 3 994 464-ке кеміген.