Показать содержимое по тегу: оқулық
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығымен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып Елдос Болатханұлы Нұрланов тағайындалды.
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен еліміздің ондаған жетекші психологтарын жүздестірген «Оқулықты сараптау процесіндегі психолингвистикалық және психодидактикалық мәселелер мен шешу жолдары» атты онлайн талқы болып өтті.
Іс-шараға Қазақ психология қоғамының президенті, психология ғылымдарының докторы М.Ә.Перленбетов, психология ғылымдарының докторы, профессор Д.Д.Дүйсенбеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қызметкерлері, психология ғылымдарының кандидаттары А.С.Нұрадинов пен Ә.С.Мәмбеталина, сондай-ақ бірқатар Республикаға танымал сала мамандары қатысты.
Талқы барысында «Оқулық» орталығының оқулық сараптаудағы басымдықтары мен мекеме жанынан жаңадан Оқулықтарды психолингвистикалық және психодидактикалық сараптау бөлімін құру және мамандар тарту мәселелері қарастырылды.
Шара модераторы, «Оқулық» РҒПО директоры Ғ.Б.Бейсембаев оқулықтардың сапасын арттыру үшін күн тәртібінде дамыған елдерде қолданылып жатқан осындай жаңа бөлім қалыптастыру қажеттілігі туындап отырғанын алға тартты.
«Кітаптар мазмұнын кемелдендіре түсу үшін жаңа тетіктер қарастыру керек. Психологиялық-лингвистикалық, яки дидактикалық сараптама әлемдік тәжірибеде бар. Біз де тұңғыш рет қолға алмақпыз. Осы мәселелермен арнайы айналысатын құрылым құрудың сындарлылығын және оған мамандар тарту мен ұсыныстар беруді кәсіби ортаның ықтиярына салып отырмыз», - деп атап өтті өз сөзінде Ғ.Бейсембаев.
Бұл орайда Қазақ психология қоғамының президенті, п.ғ.д. М.Ә. Перленбетов: «Ағымдағы міндеттер тосын шешімді талап етеді. Іске дереу кірісу керек. Бұл үшін Қазақстанның мыңдаған психологтарының басын қосқан бірлестігіміз қажетті мамандарды табу және басқа да ұйымдастырушылық-консультативтік бағыттар бойынша қол ұшын созуға әзір», - деді.
Бұдан бөлек, психолог ғалымдар мен практиктер кезегімен сөз алып, мұндай ілкімді бастаманың көтеріліп отырғандығына разы екендіктерін және құзіретті ұйым ішінде Оқулықтарды психолингвистикалық және психодидактикалық сараптау бөлімін құруды бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.
Айта кетейік, Орталық қызметінің басты мақсаты – білім мазмұнын бағалай отырып, оқулықтар сапасын арттырып, жоғары деңгейге жеткізу үшін сараптама жүргізу.
Қазақ радиосындағы «Білім айнасы» хабарында «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директоры Ғани Бейсембаев осылай деп атап өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде аударылған 18 оқулықтың ішінде - Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» мен Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз» кітабы бар. Осы екі кітапты аударуда жауапты шығарушы болған Ұлттық аударма бюросының редакторы Есей Жеңісұлы өз ой-пайымымен бөлісті. Оның айтуынша, бастама қолға алынғанда 18 кітаптың бүкіл аударма процесіне, аударылуынан бастап корректура, редакция, безендірілуіне дейінгі жұмысына жауапты шығарушылар бекітілген.
Мемлекеттік тізілім федералдық қызметінің шенеуніктері Мәскеу дүкендері сөресінен қателерге толы мектеп атласын тапты, деп хабарлайды bilim-all.kz.