Мектеп атласының авторлары Қазақстанға Астрахан облысын «сыйлады»
12.10.2016, 16:56

Мектеп атласының авторлары Қазақстанға Астрахан облысын «сыйлады»

Мемлекеттік тізілім федералдық қызметінің шенеуніктері Мәскеу дүкендері сөресінен қателерге толы мектеп атласын тапты, деп хабарлайды bilim-all.kz.

«Московский комсомолецке» (МК) аталмыш Федералдық қызметтің мәскеулік басқармасынан мәлім еткендей, ведомство мамандары сирек кездесетін мектеп атласын үстіміздегі жылдың сәуірінде тапқан. Шенеуніктер кездейсоқ таңдау арқылы бірнеше атлас сатып алған. Олардың арасында «Сегізінші сыныпқа арналған Ресейдің физикалық географиясы» кітабы болған. 2016 жылы қайта басып шығарылған атластың соңғы нұсқасын 160 рубльге сатып алуға болады.

Әріп қателерінен бөлек, атлас құрастырушылары Ресей аумағының бір бөлігін Қазақстанға қосып жіберген. Сондай-ақ Финляндия мен Фин шығанағы арасындағы шекараны сызуды ұмытып кеткен.

«Онымен қоса, Қытаймен шекараны сызуда авторлар 2008 жылғы дипломатиялық хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескермеген», - деп жазды «МК».  

Сот шешімімен компанияға 100 мың рубль көлемінде айыппұл салынды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер