Показать содержимое по тегу: Абайдың қара сөздері
Абайды қайта-қайта оқып тұру керек. Оқыған сайын жаңадан бірдеңе табасыз. Ойыңызға ой қосылады. Бұрын қанша оқып кетсек те, онша мән бермеген, кей тұста мүлдем көңіл аудармаған жайттарға кез боласыз. Мәселен, Қырық екінші қарасөзін қарап отырып, «кезегендік» деген ұғымды ұшыраттым. Сөздің сипатына қарағанда, бұл қазіргі «бездельники» дегенге балама болатын сияқты.