Мәжіліс саусақ ізін тапсыруды міндеттейтін заң жобасын мақұлдады
30.11.2016, 16:18

Мәжіліс саусақ ізін тапсыруды міндеттейтін заң жобасын мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Дактиолоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Baq.kz.

 Аталған заң жобасын ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов таныстырды.

«Дактиолоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы Елбасының тапсырмасы бойынша дайындалды. Мұндай заң жобалары әлемдік тәжірибеде бар. АҚШ саусақ ізін тапсыруды 2004 жылдан бастап кетті. Еуроодақта 2007 жылы басталды. Бауырлас Түркия мемлекеті 2009 жылы қолға алды.Соңғы жылдары елімізде түрлі апат салдарынан мерт болған азаматтардың кім екендігін анықтау мүмкін болмай жатқан жайттар көп. дактилоскопиялық және геномдық тіркеуден өту табиғи апаттар, лаңкестік актілер, авиациялық және жол-көлік оқиғалары сынды төтенше жағдайдар кезінде қаза тапқан адамдардың аты-жөндерін анықтауға мүмкіндік береді», - дейді Қ.Қасымов.

Оның айтуынша, Қытайда да осындай заң жобасы бар екен. Ал ТМД елдерінің ішінде Ресей бірінші болып қабылдаған. Сондай-ақ осыған ұқсас заң Беларуь, Өзбекстан, Молдова,Тәжікстанда қабылданған.

Министр саусақ таңбасын тапсыру шетелдіктерге толықтай міндетті екенін айтты. Ал Қазақстан азаматтары жеке бас куәлігін ауыстырған кезде және шетелге шығатын уақытта тапсырмақ. Яғни әрбір азаматтың жеке куәлігінің чипіне 3D портреті пен саусақ іздері енгізіледі. Мұндай тіркеулер түрлі апат кезінде азаматтарды тез анықтауға және қылмысты ашуға мүмкіндік бермек.

 Бек ТӨЛЕУОВ

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер