Депутаттарға Заң жобасын ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев таныстырды.
Заң жобасының мақсаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ көрсетілетін қызметінің сапасын арттыру, құзыретті органға мәліметтер беретін үкіметтік емес ұйымдардың тізімін оңтайландыру саласында заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Заң жобасымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және 5 салалық Заңға өзгерістер енгізіледі.
Министрдің айтуынша, заң жобасында тұрғындардың қажеттілігін талдау және сараптау, ҮЕҰ ұсыныстары негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру үрдісіндегі бірыңғай әдістер белгіленді. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру» түсінігін енгізу ұсынылды.
«Негізгі жаңалықтардың бірі – азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік органдарға өздерінің ұсыныстарын енгізу арқылы осы үдеріске белсенді қатысуға мүмкіндік беру болып табылады»,- деп түсіндірді министр Н. Ермекбаев.
Жобаның тиімділігі және халықтың қызмет сапасына қанағаттану деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды енгізу жоспарлануда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапасына, шарттарына, мазмұнына бірыңғай талаптар мен стандарттар, сонымен бірге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ көрсететін әлеуметтік жобалар нәтижелерін бағалаудың критерийлерін енгізу ұсынылуда.
Заң жобасының шеңберінде сыйлықақылар мен гранттар тағайындау механизмі жетілдірілді. Сонымен, сыйлықақылар ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер ұсынған ұйымдарға тағайындалады; сыйлықақы алуға өтінім беру құқығы ҮЕҰ өздеріне бекітіледі; сыйлықақы алмаған ҮЕҰ келесі жылдары сыйлықақы алу үшін өтінім бере алады; мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында ҮЕҰ үшін сыйлықақы тағайындау туралы шешімді қабылдау кезінде Үйлестіру кеңесінің мүшелерінің қарауына ұсыну алып тасталынды; жергілікті атқарушы органдар ҮЕҰ үшін гранттар тағайындау бойынша құзыретке ие болды.
Сонымен қоса, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар беру және сыйлықақы тағайындау бағыттары нақтылануда. «Азаматтық қоғамның дамуына өзара әрекеттестік, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы мен әл-ауқатын күшейту» жаңа бағыты енгізіледі.
Іс-шараға Мәжіліс Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.