Қырғызстанда Конституцияның түпнұсқасы жоғалды
21.10.2016, 16:22

Қырғызстанда Конституцияның түпнұсқасы жоғалды

Қырғызстанда Конституцияның түпнұсқасы қайда екенін ешкім білмейді. Бұл туралы Жоғарғы Кеңес отырысында белгілі болды, деп хабарлайды 24.kg

Әділет министрі  Жұлдыз Мамбеталиева түпнұсқаның Қырғыз Республикасы президентінің аппаратында болу керектігін айтты.

Бірақ Жоғарғы кеңестегі президенттің уәкілетті өкілі Молдақұн Абдылдаев оның қай аппаратта, қай шенеунікте екені белгісіздігін жеткізді. Мемлекет басшысының канцеляриясы құжатты іздегенмен, таппапты.

Депутат Наталья Никитенко («Ата Мекен») комиссия құрып, жағдайдың мән-жайын анықтайық деген ұсыныс білдірді.

«Егер оның түпнұсқасы қайда екенін білмесек, онда Конституцияға қалай өзгеріс енгіземіз?» – деп сұрады ол.

Оны Аида Салянова («Ата Мекен») қолдады.

«Екі ресми өкіл түпнұсқаның жоқ екенін мәлімдеді. Өзгеріс енгізбес бұрын оны табу керек. Әйтпесе, түзетулерді қайда енгіземіз?» – деді А. Салянова.

Бұл сауалға Жоғарғы кеңестің конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент жөніндегі комитет төрайымы Әсел Кодуранова  жауап қайтарды.

Ол: "2010 жылы Аида Салянованың өзі Әділет министрлігіне неге түпнұсқаны емес, көшірмені қабылдадыңыздар деген сауалды қою керек еді",- деп қойып қалды.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер