Ресей Қырғызстандағы әскери базаны жабуға, егер Бішкек тарапынан қандай да бір ұсыныс түсетін болса оны керісінше нығайтуға дайын, деп мәлімдеді Ресейі президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен өткізген келіссөздердің қорытындысы бойынша.
Ресейлік көшбасшының сөзінше, Мәскеу Қырғызстан аумағында қандай да бір әскери құрылымдардың болуына зәру емес. Ресейлік әскери базаның болуы Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші маңызды фактор.
«Ресейлік база Қырғызстанның өзінің қауіпсіздігі үшін қажет. Алайда болашақта Бішкек өзінің әскерін дамытып, нығайта түсетін болады»,-деді Ресей басшысы. «Егер Қырғызстан өкілдері «біз өзіміздің әскерімізді күшейтеміз және бізге мұндай база қажет емес деп мәлімдеген күні біз ол жерден кетеміз»,-деді Путин. «Біз кеңейтілген әскери контингент мәселесін талқылаған жоқпыз. Егер Қырғызстан өкілдері оны қажет деп тапса, біз оны талқылаймыз»,-деп жалғады сөзін Ресей президенті.
Бұл ретте ол мұндай шаралардың қосымша шығындарды қажет ететіндігін де екерте кетті.