Елімізде кредитін төлей алмай жүргендерге көмек көрсетіледі
17.10.2016, 16:53

Елімізде кредитін төлей алмай жүргендерге көмек көрсетіледі

Жалғыз баспанасының ипотекасын төлей алмай жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі, деп хабарлайды baq.kz.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты.

 «Қайта қаржыландыру бағдарламасы» шеңберінде ипотекасын төлей алмай, банктерге қарыз болып қалған азаматтарға көмек көрсетіледі. Бұл бағдарлама проблеманы шешуге және xалықтың әлеуметтік осал топтарының жалғыз баспанасын сақтап қалуға мүмкіндік береді», - дейді Қ.Бишімбаев.

Айта кетейік, 2015 жылғы 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, ипотекалық қарыз алушылардың проблемасын шешу жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға 130,0 млрд теңге бөлді.

 Бек ТӨЛЕУОВ

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер