Енді Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары екі елде тіркелмей 30 күнге дейін жүре алады
17.10.2016, 16:27

Енді Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары екі елде тіркелмей 30 күнге дейін жүре алады

Бүгін Қырғызстан Республикасының Сыртқы Істер министрі Эрлан Абдылбаев пен осы елдің Ішкі істер министрінің орынбасары Құрсан Асанов Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды baq.kz.

Екі жақты кездесу барысында екі елдің Сыртқы істер министрлері 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына және 2012 жылдың 11 мамырындағы Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы ҚР азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қояды.

Кейін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов және Қырғызстан ішкі істер министрінің орынбасары Құрсан Асанов Қазақстан Үкіметі мен Қырғыз Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы хаттамаға қол қойды.

Жиын барысында Ерлан Ыдырысов бауырлас қырғыз елімен қарым-қатынасты жоғары бағалады.

«Бүгін Астанаға бауырлас Қырғыз елінен маңызды делегация келді. Әріптесім, Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен екіжақты көптеген мәселені талқыладық. Таңертең бізді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Мемлекет басшысы екі үкімет арасындағы қарым-қатынысты дамытуға арналған кешенді бағдарламаны жасауға тапсырма берді. Аталмыш тапсырма бойынша екі мемлекет жұмыс істейтін болады. Бауырлас Қырғызстанмен қалыптасқан сенімді және достық қатынасымызды жоғары бағалаймыз», - деді министр.

Ал Қырғызстан Сыртқы істер министрі Эрлан Абдулдаев кездесу барысында қандай мәселелердің талқыландығын атап өтті.

«Біз шекарадағы өткізу пунктеріне қатысты мәселелерді талқыладық. Бұл бағытта жұмыстар басталды. Ол өз нәтижесін беруде. Алдағы уақытта шекарамыздағы барлық бақылау-өткізу пунктерінде азаматтарымыз еркін өтуі үшін тиісті шараларды қолға алдық. Сонымен қатар, біз тағы бір маңызды құжатқа қол қойдық. Яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы ҚР азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу хаттамасына қол қойылды. Енді азаматтарымыз екі елде тіркелмей-ақ 30 күнге дейін жүре алады. Әрине, бұл құжат мемлекеттер ішіндегі органдарда ратификациядан өтуі керек. Бұл құжат көп күттірмей, Парламентте ратификациядан өтеді деген үміттемін», - деді ол.

Сондай-ақ, Эрлан Абдулдаев екі жақты келісімнің қорытындысы көңілінен шыққандығын атап өтті.

«Екі ел арасында шешілмеген мәселелер де бар. Маңыздысы бізде осы мәселелерді шешуге деген ынта бар. Біз бауырлас, ағайынды елміз», - деді министр.

 Дәурен ЕРБОЛАТ

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер