Алматыдағы қарулы шабуылға қатысты іс сотқа жіберілді
13.10.2016, 09:40

Алматыдағы қарулы шабуылға қатысты іс сотқа жіберілді

Алматыда 18 шілдедегі қарулы шабуылға қатысты тергеу аяқталып, күдікті Руслан Күлекбаевтың ісі сотқа берілді, деп хабарлайды azattyq.org.

Алматы қалалық прокуратурасының хабарлауынша, Күлекбаевқа теракт жасады және кісі өлтіруге оқталды деген айыптар тағылған.

Күлекбаевпен бірге Р.Лю, Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов және Н.Әбдімомынға да атыс қаруын жасап, заңсыз сақтап, алып жүрді және М есімді кәсіпкерге Күлекбаевпен бірге қарақшылық шабуыл жасады деген айыптар тағылған.

Тергеу аясында 57 сот сараптамасы жасалып, 200-ден астам куәгер сұралған. 60 томнан асатын іс материалдары 12 қазанда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

18 шілдеде Алматыда полиция бөлімі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне қарулы шабуыл жасалып, салдарынан сегіз адам қаза тапқан. Олардың алтауы - полиция қызметкері. Шабуыл кезінде және одан соң көшеде қарудан оқ атылып, әуелде үш полицей мен шекара қызметінің бір сарбазы және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Жараланған үш полицей ауруханада көз жұмған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер