"2016 жылғы 10 қазанда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесін ұстады", - делінген хабарламада.
Ұсталғандардан қолдан істелетін жарылғыш құрылғы құрауыштары және детонаторлар, теракті жасауға үндейтін діни-экстремистік материалдар алынды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы қаласында ҰҚК органдары 29 радикал ниеттегі тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Пікір