ІІО мамандандырылған күзет қызметі: күн тәртібі
20.03.2021, 16:22

ІІО мамандандырылған күзет қызметі: күн тәртібі

19 наурызда Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Б. Момышұлы атындағы оқу орталығында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған жол картасын жүзеге асыру мақсатында ІІМ  қарасты мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының қатысуымен (onlaine форматта) «ІІО мамандандырылған күзет қызметіне кәсіби мамандарды даярлау және  оны жетілдірудің жолдары» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы негізінде 2019 жылдан бастап ІІО ауқымды түрде реформалар жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 897 қаулысымен «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған жол картасы» бекітілді.

Алғашқы кезеңде, яғни 2019-2020 жж ІІМ және оған қарасты органдарда штат саны қысқартылды, ІІМ ведомстволық оқу орындарының саны азайды, мамандандырылған күзет қызметінде де штаттық өзгерістер болды. Мобильдік топтар алынып тасталды және т.б.

Екінші кезеңде, 2021 жылы да Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан  халқына жасаған жолдауы негізінде де құқық қорғау органы қызметі, ішкі істер органдарын реформалау өз жалғасын табуда.

ІІО болып отырған реформалардың бірқатары бағыттары,  Мамандандырылған күзет қызметіне қатысты болып отыр.

Мамандандырылған күзет қызметі ІІМ Әкімшілік комитетінің құрамынан бөлініп, Күзет қызметін бақылау департаментіне қарасты орган болып қайта құрылды. Оның құрылымына: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардағы Мамандандырылған күзет қызметі басқармалары ММ; Қазақстан Республикасы ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі және Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полктері кіреді.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 2 қаңтарда Күзет мәселелерін жетілдіруге бағытында қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар жасалынды. МКҚ-ін мемлекеттік органдары объектілерін күзетуден босатып отыр, осының негізінде 2021 жылдың 1 мамырынан бастап 3000 жуық штат қысқарады. Бірінші кезеңде 72 объектілер, келесі кезеңде 580 объектілер  бәсекелестік ортаға берілуі тиіс.

 

 

Осыған байланысты ІІМ мамандандырылған күзет қызметін жетілдіруге, оның міндеттері мен өкілеттіктерін қайта қарау, штат санын айқындау, нормативтік-құқықтық актілерді саралау бағытында жұмыстар жүзеге асырылуда.

Ол жөнінде 2021 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Турғымбаев нақты көрсетіп кетті.

Алайда, стратегиялық және стратегиялық маңызы бар объектілерді; шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерін күзету мамандандырылған күзет қызметінің негізгі міндеті болып қала бермек.

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы ІІМ Мамандандырылған күзет қызметіне кадрларды дайындап отырған оқу орны. Жиын нәтижесінде ІІМ мамандандырылған күзет қызметіне қатысты жасалынып отырған өзгерістерді негізге ала отырып, тәжірибе барысында туындап отырған проблемаларды талқылай келе, оларды шешу жолдарын қарастыру арқылы, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер жасау жөнінде ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар,   мамандандырылған күзет қызметіне білікті мамандарды даярлауда, олардың сапасын арттыру бағытында өзара ынтымақтастықты қалыптастыруға мүмкіншіліктер туды.

 

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы

оқу орталығының

«Арнайы пәндер» циклының бастығы

полиция подполковнигі Т.Қаратаев

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер