Carbanak және Cobalt вирусын тарату арқылы киберқылмыскерлер 40-тан астам елдің банктерінен $1 млрд-тан көп ақша ұрлаған. Сондай-ақ олар 120 млн евро болатын 15 мың биткоин жинаған. «Өте көп көлемде қаржы жоғалды. Тек Cobalt арқылы ғана қылмыскерлер әр адамнан 10 млн евродан ұрлап отырған», - деп жазылған Europol басылымында. Полицияның мәліметі бойынша, ресми компания секілді фишингтік хат жолдау арқылы хакерлер Қазақстан, Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Украина, Тайвань және басқа елдің банктерінің компьютерлік жүйесіне вирус жұқтырған.
Нәтижесінде олар балансты өзгертіп, аударым жасауға қол жеткізген. Киберқылмыскерлердің әлемдік қаржы институттарына шабуылы 2013 жылдан басталған.