«Төрт ағайынды» ісі: Ұрланған мұнай бағасы қайта есептелгенде екі есе арзандады
28.03.2018, 11:02

«Төрт ағайынды» ісі: Ұрланған мұнай бағасы қайта есептелгенде екі есе арзандады

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұрланған мұнайға қатысты тауарлық сараптама жасалды. Сараптама қорытындысы кезінде мұнай компаниясының шығыны екі есе кеміді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде мұнай ұрлады, сатты, заңсыз сақтады деп айыпталып жатқан қылмыстық топ Синельниковский кен орнынан ұрланған мұнай бағасын қайта есептеуді сұраған болатын. Себебі, кен орны шығыны 38 миллион теңге болғанымен, баға әлдеқайда төмен болған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, мұнайдың тауарлы бағасын есептеп шығарған сарапшы әр айдағы орташа бағаны анықтады.  Ал бүгін сот отырысы кезінде ұрланған мұнайдың нақты бағасы 16 миллион 118 мың теңге болды. Бұл мұнай компаниясы есептеген шығыннан екі есе аз.

«КамАЗ көлігімен мұнай тасымалдаған жүргізуші Рысқұлов 686 мың, Берденов 681 мың, Дермұханов 6 миллион 237 мың, Қуанышев 4 миллион 33 мың, Құлтаев 4 миллион 479 мың теңге шығын келтірді. Бәрін қосып есептегенде 16 миллион 118 мың теңгеден асты», - деді қайта есептеп шығарған мұнай компаниясының өкілі Жекеев.

Айта кетейік, сотталушы Саясат Дүсіпов өтінішхат түсірді. Ол «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ талап етіп отырған 11 миллион теңгеден астам қаржыны азаматтық тәртіпте қарауды сұрап отыр. Тіпті, ІІІ топ мүгедегі ай сайын алатын 33  мың теңге зейнетақысын аударып отыруға дайын екенін айтып берді. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер