Жүргізілген іс-шаралар нәтижелері бойынша ішкі істер органдарына 2 166 азамат жүгінген, олар жалпы сомасы 147,9 млн. теңгеге ерікті түрде 2 944 бірлік атыс қару, 60 087 дана ойық қару патрондарын, сондай-ақ 1 дана жарғыш құрылғы және 14 кг жарылғыш зат тапсырды.
Заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру бойынша Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстары ең көп белсенділік танытты.
ІІМ 2012 жылдан бастап халықтан қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша іс-шаралар өткізіледі, бұл кезеңде жалпы сомасы 1 млрд. 36 млн. теңге азаматтармен ерікті түрде 30,4 мың бірлік атыс қаруы, 130 жарғыш құрылғы, 1 млн. данадан астам ойық ұңғылы қаруға патрондар тапсырылған.
Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы соңғы 5 жылда атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың саны 55%-ға азайғаны куәландырады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың саны 1,2%-ға азайды.
Акция бойынша іс-шараларды жақын арадағы 2 жылда өткізіледі, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 234,1 млн. теңге ақшалай қаражат бөлінген. Акцияның басталуы туралы азаматтар БАҚ арқылы ақпараттандырылатын болады.
Халықтағы заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті түрде өтемді тапсыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылған.