Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Е., Ақтау қаласындағы 13 шағынауданда көлік басқарып келе жатып, кептеліске тап болған. Салдарынан екі жүргізушінің арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Е. өзінің автокөлігінен пышақ алып шығып, жәбірленуші Д.-ның ішіне сұққан. Ол жерге құлаған кезде оқиға болған жерден ізін суытқан.
Ақтау қалалық сотының үкімімен Е. ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, оған тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.