Автокөлікті тінту кезінде балта, ашық-сұр түсті жүн (ақбөкендікі болуы мүмкін), қоңыр түсті дақтары бар қап табылып, ақбөкендердің өліктері, мүйізі, тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрдің оқтары (шолақ мылтық), пышақ және пышақ қыны тәркіленді. Табылған айғақ заттар тергеу амалдары үшін ішкі істер органдарына тапсырылды. Бүгінгі күні аталған факті бойынша қылмыстық іс ашылды.
Айта кетейік, «Сапсан» жедел тобы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетінің аумақтық бөлімдері мен ведомоствалық ұйымдарына ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін құрылған болатын және тікелей министрге бағынышты құрылым болып табылады.