Құқықтық білім мен тәрбие – ЖОО-лар үшін басты міндет
01.04.2017, 11:09

Құқықтық білім мен тәрбие – ЖОО-лар үшін басты міндет

Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалауда заңгерлік білім мен құқықтық тәрбие беру мәселелері  барған сайын өзекті бола түсуде және халықаралық деңгейдегі жаңа сын-тегеуріндер аясында күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, бұл елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру бастамасы аясында жаңаша мазмұнға ие болып отыр.

Заң саласында кәсіби мамандар дайындау деңгейін көтеруге де баса мән беру керек

 

Елбасы Н.Назарбаев биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді. Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды» дей отырып, Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек» деп атап өтті.

Расымен де, мұның аясында атқарылатын негізгі міндеттердің бірі - заманауи білім беру, кадр даярлау, мемлекеттілікті одан әрі нығайтуда кәсіби мемлекеттік аппаратын қалыптастыру, тәртіпсіздікке төзбеушілік, жемқорлықты болдырмау және құқық қорғау органдарының қызметін реформалау болса керек. Аталған басымдық бұған дейінгі «Қазақстан жаңа жахандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында да баса мән берілген тұс еді.

Біздіңше, Үшінші жаңғырту мұраттарын орындап, жаңа принцптердің қоғамға дендей енуі үшін заң саласында кәсіби мамандар дайындау деңгейін көтеруге де баса мән беру керек. Өйткені, тек құқықтық мемлекет қана жаңа моделдің мүлтіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ете алады.  Қала берді, әрбір Қазақстан азаматының өз құқы мен бостандығын бекітілген заң аясында қорғай білуін қамтамассыз етіп, азаматтардың құқықтық сауатын арттырудағы ең үлкен рол атқаратын - заң саласындағы мықты мамандар болмақ. Ендеше, іргетастың беріктігіне заң шығау саласы, атқарушы және сот билігі, барлық деңгейдегі басқару органдары, әртүрлі кәсіпорындарды басқару, мекемелер мен ұжымдарды басқару, құқық қорғау органдарындағы қызмет, адвокаттық, нотариалдық және жеке-детективтік қызмет, заңгерлік кеңес беру, заңгер-бизнесмен, заңгер-саясаткер, заңгер-қаржыгер, заңгер-экономист, заңгер-педагог, заңгер-психолог, заңгер-кәсіпкер, заңгер-шаруа, отбасылық заңгерлер жалпы адамның өміріндегі барлық құқықтық қатынастарын реттейтін мамандар ықпал етеді.

Бұған дейін заңгер немесе құқық қорғау мамандарын дайындауға көңіл бөліп келдік. Олардың міндеті құқық бұзудың алдын алу, қылмысты болдырмау, құқық бұзылғанда дер кезінде заңды  жазалау кіреді. Егер оқыту мен тәрбие үздіксіз педагогикалық процесс десек, онда құқықтық біліммен тәрбиені тұтас жүзеге асыратын мамандар қажет-ақ.

Ал осындай қажеттілікті жүзеге асыратын, кәсіби заңгерлерді дайындайтын білім ошақтары, педагог-заңгер, заңгер-педагог дайындауды қолға алуы өмір талабы.

 

Полиция келбеті

 

Мемлекет басшысы былтыр Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының мәселелері жөніндегі кеңесте: «Полицияның елімізде қалыптасқан келбеті өзгеруі тиіс. Қызметкерлер азаматтардың сеніміне ие болып, олардың қызметі ең алдымен халыққа көмек көрсетуге бағытталуға тиіс» деген болатын. Өз кезегінде, жергілікті өзін-өзі басқару органының қоғамдық тәртіпті сақтауды  Ішкі істер органдарының көмегінсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған байланысты Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамындағы 30 қадамының және «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласының негізінде, барлық құқық қорғау органдарының және полицияның адамдардың мүддесі мен құқықтық тәртіпті нығайту қызметінде тұруына қол жеткізуі үшін жергілікті полиция қызметін құру жөнінде мәселе қозғалды.

Аталған, тапсырма негізінде 2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.  Оның негізінде, жергілікті полиция қызметінің басшысын тағайындау, сонымен қатар бастығын және оның орынбасарын ІІМ-нің ұсынымы бойынша мәслихат депутаттарының келісімімен облыс әкімдіктері тағайындайтын болады.

 «Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы  23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 30.12.2015 жылғы №1142 Қаулысымен «Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі туралы ережені бекіту туралы» Ережесі бекітілді.

Ережеге сай, ЖПҚ-не учаскелік полиция инспекторлары бөлімшелері, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелері, жол-патрульдік полициясы, табиғатты қорғау полициясы, қабылдау-бөлу орындары және арнаулы орындары кіріп отыр.

 

Халықаралық құжаттар

 

Бүгінгі күні құқықтық тәрбие барлық Қазақстан азаматтарына қажетті, онсыз шынайы дамыған  азаматтық, демократиялық, әділ,  құқықтық  мемлекет құрудың мүмкін еместігі белгілі.

Осы құқықтық мемлекетті қалыптастыру және оларды  шешуге бағытталған халықаралық қабылданған құжаттарға тоқталсақ, 1990 жылы қыркүйекте БҰҰ сегізінші Конгресінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында заңгерлердің ролінің негізгі принциптерін қабылдаған.

Бұл құжатта «Әділ қоғамда әділетілік жүйенің қалыптасуы құқықтық мемлекет тұрғызуға және оның жұмыс істеуінің абсолюттік негіз болып табылады» дей келе: «заңгер маман иелеріне және мемлекеттік органдарға қоғамымызда құқықтық мемлекеттің принциптерін сақтауға үйрету және тәрбиелеу міндетін жүктейді, тәуелсіз сот жүйесінің және бәрлық заңгерлік мамандардың міндеті заңның мазмұнын халыққа жеткізу» деп міндеттеп көрсеткен.

Дәл осы мәселені шешу мақсатында 1995 жылы 11-қыркүйекте Европалық Министірлер Комитетінің Кеңесінің «Қылмыстық әділ сот» туралы ұсынысы 2003 жылы 27 мамырда Европа Парламентінің Ассамблеиясының Кеңесі «Құқықтық демократиялық қоғамдағы прокуратураның ролі» туралы ұсынысы толығымен құқықтық мемлекет принциптеріне негізделеді.

Барлық жоғарыдағы келтірілген отандық және халықаралық шартармен, ережелер, ұсыныстар бір бағытта негіз болады. ЖОО заңгер маман дайындауда тек заң шығару және құқық қолдану барысында емес, сонымен қатар құқықтық мемлекет принциптері мен мақсат міндетерін үйлесімді іске асыратын  заңгер педагог мамандарын дайындау.

 

Өз құқығын сақтай отырып, өзгенің құқығын бұзбауға тәрбиелесек!

 

1995 жылы 30 тамызда халқымыз қабылдаған Конституциямыздың 1-бабында «Қазақстан республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялаған. Яғни, Конституциямыз бізге бүгінгі күні заңгер мамандарын дайындаудың стратегиялық бағытын нақты көрсетіп отыр.

Екіншіден 2013 жылы 31 – желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің №720 «Қазақстан Республикасы құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралар туралы» жарлығымен «Қазақстан Республикасы құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңартудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықты құқықтық тәрбиелеу, құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыру шаралар жүйесін жетілдіру.

Яғни, құқықтық мемлекет қалыптастыру, азаматтардың өз құқығын сақтай отырып, өзгенің құқығын бұзбауды міндет санауға тәрбиелеу, кәсіби заңгер педагогтардың үлесінде екенін біз ұмытпаумыз керек.

Бүгінгі күні елімізге жай заңгер емес, жаңа типтегі, жоғары кәсіби маман, әртүрлі жаңа әлеуметтік-экономикалық күрделі жағдайларда кездесетін міндеттерді шеше алатын маман керек.

Ол заңгер мамандығының моделі шығармашылық нақты ойлау қабілеті қалыптасқан, жалпы адам құндылығының принциптерін өмірде қалыптастыруға бағытталған, ең алдымен адамның құқығы мен бостандығын  ойлайтын, құқықтық мемлекет идеясын жалғастырушы, әділеттілік, заңдылық, еліміздегі азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамас ететін маман болуы тисті. Тек осындай заңгерлер еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола отырып сұраныста болады. 

Заңгер мамандардың көбісі тек бір мақсатты жұмыс атқаруға қабілетті, ал кең көлемде құқықтық мемлекет құру барысындағы идеялогиялық, тәрбие жүргізуге мақсатталмаған.

Осы көтеріп отырған өзекті мәселелер, заңгер маман иелерін дайындауды қайта қараудың қажеттілігін анықтап береді.

Заңгер халқымыздың құқықтық білімін көтеруде бастамашыл болуы тисті. Өйткені  еліміздегі заң оқу орындарында халқымызға құқықтық білім беру құқықтық тәрбие, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетті қалыптастыратын, құқықтық педагогиканың әдіс тәсілдерін білетін маман дайындау мақсат етіп қойылмаған.

Ал, Мемлекет басшысы халқымыздың құқықтық мәдениетін қалыптастыра отырып, құқықтық нигилизмді болдырмауды нақты тапсырма ретінде өз жолдауларында белгілеп берген. Яғни, Әрбір құқық саласының маманын дайындайтын білім ордасы – «Тәрбиелемей оқытуға, оқытпай тәрбиелеу болмайды»  деген принциптерді ұстану керек.

 

Шешімдер шоғыры

 

Құқықтық білім беруді халыққа таратуды, заңды уағыздауды, азаматтарды құқықтық сана мен құқықтық мәдениетке тәрбиелеуді, ағартушылық және түсіндіру жұмыстары заңгердің міндеті болуы тиіс. Сондықтан, жоғарғы оқу орын қабырғасында, құқықтық педагогиканың әдіс тәсілдерін кеңінен қолдануды үйрету  керек.

Құқықтық ағартушылық және құқықтық тәрбиені жүзеге асыруды, барлық жоғары білімі бар заңгер мамандар  білу міндетті және ол өмір талабы.

Сондықтан да біз кәсіби маман дайындайтын жоғары оқу орнына, заңгер мамандығы бойынша оқытудың бакалавриат және магистратура түріне болашақта құқықтық тәрбие жүргізе білу қажеттігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесіне мынадай толықтырулар  ұсынамыз.

Біріншіден, біздің көзқарасымыз бойынша  заңгерлер дайындайтын жоғары оқу орындарында бакалаврияттар мен магистранттар «Заңды оқытудың әдістемесі», «Құқықтық тәрбиенің негізі», «Жергілікті адамдар арасында құқықтық білімді тарата білуі әдісі», «Азаматтарға құқықтық көмек көрсете білі әдістемесі», «Азаматтардың құқықтық тәртіп орнатуға қатысудың әлеуметтік-құқықтық негізі», «Азаматтарға өз құқығын қорғай білуге үйретудің әдісі» тақырыбын игеруі тисті.

Екіншіден, осының бәрін жүзеге асыратын арнайы заң жоғары оқу оындарында өзекті мәселе ол құқықтық пән оқытушыларын дайындау. Осы өзекті мәселені шешудің бірде бір жолы ол жоғары заң оқу орындарында педагогикалық және психологиялық білімді игеруді ұйымдастыруды қолға алу яғыни «заңгер педагог», «заңгер психалог» мамандарын дайындау  қажеттігі өзінен-өзі сұрануда.

Үшіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарысы күрес барысында  ұлттық стратегияны жүзеге асыру мақсатында, жымқорлыққа қарсы төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында заң оқу орындарында мынадай пәндерді оқытуды енгізу керекті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіптің талабы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тәрбиелеудің негізі», «Жемқорлыққа қарсы күрестің заңды негіздер» және «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысты іздестірудің әдісі».

Бүгінде бұл ұсыныстар мемлекеттілікті одан әрі нығайтуда заңгерлік білім мен  құқықтық тәрбие беруде, өзекті мәселені шешудің негізгі жолы. 

 

 

Қазақстан Республикасы ІІМ

Б. Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы,

п. ғ. д., профессор          

полиция полковнигі

Тойлыбаев Б. А.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер