Талдықорғандық студенттер жемқор оқытушылардан шаршағандарын айтуда
09.12.2016, 07:31

Талдықорғандық студенттер жемқор оқытушылардан шаршағандарын айтуда

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің студенттері жемқор оқытушылардан шаршағандарын айтып, әлеуметтік желі арқылы өз наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өздерін педагогика жəне психология факультетінің студенттеріміз деп таныстырған олар, аталған білім мекемесінде жемқорлық  жайлап кеткенін айтуда. Студенттер Фейсбукте емтихан уақыты жақындағанда оқытушылар ашық түрде ақша талап ететіндігін жазды. Олардың сөзінше, оқу орнының педагогтары  емтиханды өз күштерімен тапсыруға мүмкіндік бермей жатқан көрінеді. Сол себепті мұндай бассыздыққа бұдан әрі жол бермес үшін, əлеуметтік желі арқылы жанайқайларын жеткізіп, оқытушыларға мұны тоқтатсын деп талап қоюда. Егер дер кезінде тиісті шара қолданылмаса олар құзырлы мекемелерге шағымданамыз деп бекініп отыр. Жəне оқытушылардың ақша талап еткендігін дəлелдейтін аудио жəне видео жазбаралардың бар екендігін ескертуде.     



Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер