Показать содержимое по тегу: Қостанай
А.ж. 7 сәуірде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын қолдау және іске асыру жөніндегі бірлескен отырысы өтті.
Қостанайлық жастар қалада студенттік жолақы билетін енгізуді сұрап отыр. Бұл туралы «Жас Отан» Жастар қанатында өткен басқосуда мәлім болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лисаков қаласында тұрып қалған лифттен өз еркімен шықпақ болған жасөспірім қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала прокуроры Еркін Тәйкешевке сілтеме жасап.
Биыл «АгромашХолдинг» АҚ базасында картоп жинайтын комбайндар шығару жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанай облысының тұрғыны Сергей Кащенко 90 жылқысы бар бір үйір малынан айырылып қалған. Енді ол аттары туралы ақпарат берген адамға 1 миллион теңге беруге дайынмын деп отыр.
Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
“Жылқылардың орналасқан жерін айтса сыйақы беремін. Бір үйір малдың қай жерде жасырылғанын көрсетіп бере алса, ойланбастан бір миллион теңге берер едім”, – дейді Сергей Кащенко.
Еске сала кетсек, бірер күн бұрын Ұзынкөл ауданында 90 жылқы жоғалып кеткен.