Есептемедегі мәліметтер бойынша соңғы он жылда әлемдегі жұмыс істейтін әйелдер саны ширек миллиардқа ұлғайған, мұндай қарқынмен жұмыстағы гендерлік теңсіздікті толық жою үшін кем дегенде 170 жыл қажет.
Баяндамада көптеген әйелдер күнделікті тегін айналысатын үй шаруалары ескерілген. Осы факторды есепке ала отырып, ғалымдар әйелдердің жылына 39 күн артық жұмыс істейтінін анықтады.
Өзге елдерде, мәселен, Үндістан, Протугалия, Эстонияда әйелдер ерлерден 50 күн артық жұмыс істейді. Бір жағынан, кейбір елдерде тіпті әйелдердің үй шаруасына қатысты да кері тенденция байқалуда: Жапония мен Нидерландыда ерлер әйелдерден жарты сағат артық жұмыс істейді. Ақы төленетін жұмысқа келсек, ерлер орта есеппен 39% артық еңбектенеді.
2014 жылы жарияланған Бүкіләлемдік экономикалық форумның зерттеуінде соңғы он жылда әйелдердің саясат пен іскерлік өмірге араласу мүмкіндіктерінің көбейгені, әлем бойынша гендерлік теңдіктің сезіле бастағаны туралы айтылған еді.