- Бүгін Қызылордада электрондық коммерцияны дамытуға арналған бірінші халықаралық интернет-форум өтеді. Форум e-commerce саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен G-Global коммуникативтік алаңында өтеді, деп хабарлайды Silteme.kz.
Шараны Қызылорда облысының әкімдігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ұйымдастырып отыр.Ұйымдастырушылар e-commerce элементтері арасындағы нақты өзара байланысты дамытуға ықпал етуді, сондай-ақ, логистикалық тізбекті оңтайландыру, маркетингтік технологияларды ілгерілету және онлайн- сауда компанияларының табыстылығын арттыруды мақсат етіп отыр.Сонымен қатар, форумда электрондық коммерцияны дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау жасау, онлайн сауда жүргізудегі электрондық ақшаның рөлі, көлеңкелі экономиканы азайту, т.б. мәселелер көтерілетін болады.Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, онлайн көрсетілім G-Global коммуникативтік алаңында және Facebook әлеуметтік желісінде жүргізіледі.
26.10.2016, 10:58
Қызылордада халықаралық интернет форум өтеді
Тегтер:
Пікір жазу