Астанада күн сайын 960 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылады
24.10.2016, 13:54

Астанада күн сайын 960 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылады

  1. Қала аумағынан күн сайын жиналатын қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) көлемі орта есеппен 969 тоннаны құрайды. Жалпы қалада 1993 контейнерлік алаңға 12 455 контейнер орналастырылған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдгінің баспасөз қызметі хабарлады. 

    Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен тасымалдауды мамандандырылған ұйымдар іске асырады.

    Қала аумағы 24 телімге бөлінген. Қазіргі кезде елордада «Астана-Тазарту» ЖШС (23 телім) және «Таза Әлем-Астана» ЖШС (1 телім) ҚТҚ жинаумен және тасымалдаумен айналысады. Сонымен қатар, 90-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.

    ҚТҚ шығару құны тұрғындар үшін:

    - жайлы секторда бір тұрғыннан айына 259,2 теңге;

    - жеке секторда бір тұрғыннан айына 276 теңгені құрайды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер