Теміртауда бұзақылар жиырма зиратты қиратып тастаған
18.10.2016, 10:19

Теміртауда бұзақылар жиырма зиратты қиратып тастаған

Теміртауда бұзақылар 20 зиратты қиратты, деп хабарлайды baq.kz.

Зираттарды тонағандар үлкен топ болып жұмыс істеген. Олар қорымдағы көлемі мен пішіні бір-біріне ұқсас қоршауларды алып кеткен. 

Жерлеу қызметі агенттігі басшысының орынбасары Александр Иштваниктің айтуынша зиратты күзететін күзетші болмағандықтан, ол өзі қорымға келіп, тексеріп тұрады екен. Осындай тексерістердің бірінде ол зираттардың қоршауларын бұзып жатқан ұрыларды көріп қалған.

«Біз жүргізуші екеуіміз бір адамды ғана ұстап үлгердік. Топтың қалған мүшелері қашып кетті. Тонаушылар пішіні мен көлемі бірдей қоршауларды алған. Олар шамамен 20 бейітті қиратқан. Қазір қоршаулар қоймада тұр. Кей адамдар туған-туыстарының зираты тоналғанын әлі білмейді», - деді А.Иштваник.

Биылғы жылы Теміртау қаласының полиция бөліміне қорымдарды тонау фактісі бойынша 13 арыз түскен. Сотқа тек екеуі ғана жеткен. Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, егер бұзақылар қылмыс үстінде ұсталмаса, бұндай қылмыстарды ашу қиынға соғады.

«Өкінішке орай, адамдар бізге кеш хабарласады. Олар туыстарының бейітіне жиі келмегендіктен, қорымның тоналғанын білмей де жатады. Кейде тіпті жарты жылдан кейін полицияға арыз түсіретіндер де бар. Уақыт өтіп кеткендіктен қылмысты дәлелдейтін айғақтарды тауып, ұрыларды ұстау қиынға соғады», - деді Теміртау қаласының Ескі қалалық полиция бөлімінің басшысы Бауыржан Амангелдин.

  Жібек МҰҚАШЕВА

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер