Қарттар күнiне орай елорда емханаларында ашық есiк күнi өтiп жатыр
30.09.2016, 14:02

Қарттар күнiне орай елорда емханаларында ашық есiк күнi өтiп жатыр

Қарттар күнiне орай кешелі бері елорда емханаларында ашық есiк күнi өтiп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz 

 Елордадағы №6 қалалық емхананың бас дәрiгерi Динара Байсеркинаның айтуынша, ашық есiк күндерi 60 жастан асқан қарттар тексерiледi.

«Емханамызда кешеден бері қарттар күнi аталып өтуде. Кеше оларға арнап арнайы мерекелiк шара ұйымдастырылды. Шағын концерт көңiлдi өттi. Жиналған қарттар ән айтып, би билеп, жаттығу да жасады. Олардың көңiлiн көтеруге емхана ұжымымен бiрге ерiктiлер, яғни медициналық колледж студенттерi атсалысты. Қарттар көбiнесе кардиолог, эндокринолог пен невропотолог мамандарына тексерiлiп жатыр. Пульмонолог пен ревматологқа да қаралып жатқандар бар. Олардың арасында артериялық гипертензия, жүректiң ишемиялық аурулары, қант диабетi кең тараған», - дейдi бас дәрiгер.

Д.Байсеркинаның айтуынша, ашық есiк күндерi пациент өзi тiркелген учаскеге қаралады. Дегенмен, денсаулығы сыр берген қарттарға тiркелмесе де, алғашқы көмек мiндеттi түрде көрсетiледi.

№6 емханаға ашық есiк аясында медициналық көмек алуға келген пациент Жұмакүл Жанабаева бұндай акциялар халыққа өте қажет екенін айтады. Астана тұрғыны қан қысымы жоғары болғандықтан дәрiгерлердiң тұрақты бақылауында екен. Ол да бүгiн терапевке қаралуға келiптi. Пациент науқастардан көмегiн аямайтын ақ халаттыларға алғысын айтып, қарттарға ем мен жылы сөзден басқа еш нәрсе керек емес екенін атап өтті.

Айта кетейік, қазақстандықтар 1 қазанда халықаралық қарттар күнiн атап өтедi.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер