Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?
23.08.2016, 18:55

Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай?

Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия қандай? mazhab.kz

Құпия деген не? Елге нені айтуға болады, айтылмайтын қандай құпия болуы тиіс? Тізімге көз жүгірткен адам біразымен еріксіз келісері сөзсіз.

Айтылмауға тиісті бірінші құпия – келешекке құрған жоспар.

Жоспар толыққанды орындалмайынша ол туралы тіс жармау керек. Адамның кез-келген ойы бастапқыда әлжуаз болып тұрады. Өне бойы шұрық-тесік келеді. Кез-келген жерінен кілтипан тауып, ізгі ойды ойсыратып алуға болады.

Екінші құпия – қайырымды істер туралы ешкімге айтпау.

Қайырымды іс – жер бетінде сирек кездесетін құбылыс, сондықтан оны көздің қарашығындай сақтау керек. Өзіңізді жақсылық жасағаныңыз үшін асыра мақтамаңыз. Мақтау адамды тәкәппарлыққа тез ұрындырады.

Үшінші құпия – тақуалығыңыз туралы көпшілікте айтпау.

Тамақ, ұйқы, күлкі, төсек қатынасына қатысты шектеулеріңізді ешкімнің білмегені жөн. Тәннің шектеуі көңілдің тақуалығымен үйлессе ғана пайдалы.

Төртінші құпия – жасаған ерлік, батырлық туралы үндемеу.

Әр адам күнделікті сан-алуан оқиғаларды бастан кешіреді. Біреу білектің күшімен жеңіп жатса, біреудің ақылы асады. Күшпен жеңген адамның ерлігі тез бағаланады. Ішкі арпалысты ешкім байқай бермейді. Сондықтан ол үшін ешкім марапат бермейді.

Бесінші құпия – рухани жетілу туралы айтпау.

Рухани байлық тек сіздікі. Оны ешкімге айтып абырой жинай алмайсыз. Айналаңыздағы адамдардың шын мұқтаждығын көрсеңіз ғана шет жағасын айтыңыз.

Алтыншы құпия – үйдегі ұрыс-керіс пен отбасылық өмір туралы үндемеу.

Есіңізде болсын: отбасыңыздағы ұрыс туралы неғұрлым аз айтсаңыз, оның ынтымағы берік бола түседі. Ұрыс – араласу барысында жиналып қалған зиянды қуат. Түйткілді көп талқылаған сайын оған өзіңіз көбірек сене бастайсыз.

Жетінші құпия – баяғыда естіген жаман сөздер туралы айта бермеңіз.

Көшеде жүріп аяқкиімді былғап алуға болады. Ал, кейде сананы да былғап алатындар болады. Жолда келе жатып естіген бар қаңсық сөзді үйге келіп айтқан адамның табалдырықтан аттап, былғаныш аяқкиіммен төрге озған адамнан айырмасы жоқ.

 

© ozgepikir.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер