«Биылдан бастап шағын несиелердің көлемі бойынша бірқатар өзгерістер бар. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Атырау мен Ақтауда 19 млн-ға дейін алуға болады. Ол қалаларда шектеу жоқ. Басқа қалалар мен моноқалаларда 15 млн теңгеге дейінгі шекті сома бекітіледі. Ал шағын қалалар мен ауылды жерлерде 8 млн-ның несиесін алуға мүмкіндік бар», – деді кәсіпкерлікті дамыту департаменті басшысының орынбасары Шыңғыс Аxметов бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасында шағын несиелендіруді кеңейту міндеті қойылған болатын. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы шағын несиелерге қосымша 20 млрд теңге бөлуді тапсырды.
«Осылайша, шағын несиелендіру көлемі 62 миллиард теңгеге жететін болады. Әсіресе, ауылды жерлерде. Жалпы, ауылда ғана емес, барлық жерде адамдар өз бизнесін аша алады. Соның арқасында шағын несиелендірудің көлемі 14 мың адамды қамтитын болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. 14 мың адам ол аз емес. Себебі бір адамның қарамағында үш-төрт, он, бәлкім, елу адам жұмыс істейтін болады. Бұның барлығын қосқанда мықты шағын бизнес шығады. Соған қолдау жасауымыз қажет», – деді Н.Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Шағын несиелер жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерге беріледі. Алайда өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар үшін бір шектеу бар.