Алматыда құрылысы басталатын үлкен айналма жолдың құны жеңіл көліктер үшін 200 теңге, ал жүк көліктерінің тарифі – 280 теңге болады, деп хабарлайды Today.kz.
Алматыда үлкен айналма жолмен жүру ақылы болады
Жалпы ұзындығы 66 шақырымға созылатын айналма жолды екі түрік пен бір кәріс компаниясы 4 жарым жылда толық салып бітіруі тиіс. Жобаның жалпы құны 500 миллиард теңгеден асып жығылады. Ол Алматының солтүстік аумағын түгел айналып өтіп, Түрген, Нарынқол, Талдықорған, Астана, Бішкек және Ұзынағашқа қарай шығатын күре жолдардың арасын жалғайды. Әуелде бұл жоба 2009 жылы қолға алынған болатын. Бірақ, құрылыс жүретін аумақтардағы жер телімдері қымбатқа түсіп, уақытша тоқтатылған еді. Жалпы, осы күре жол іске қосылғаннан кейін ол қаладағы көліктер санын 60 мыңға дейін азайту керек.
"Бүгінгі таңда концорциум дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Биыл мамыр айында құрылыс жұмыстары басталады. 2020 жылы құрылыс аяқталып, жолды ақылы негізде пайдалану басталады, – дейді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13