Назарбаев Интелектуалдық мектебінің оқушысы бірнеше жоғарғы оқу орындарына құжаттарын тапсырған. Гарвард, Стэнфорд, Колумбия университеті және Калифорниялық технологиялық институты оны қабылдауға дайын екендерін білдірген.
Сонымен қатар, өткен жылы желтоқсанда ол Массачусетс технологиялық институтының грантын жеңіп алған. Оқушы әзірге қай университетке баратыны жайлы шешім қабылдамаған.
"Қазіргі уақытта мен MIT, Гарвард, Стэнфорд, Колумбия университеті және Калтех институттарын таңдау үстіндемін. Алдағы бір-екі айды соларды зерттеуге жұмсаймын. Негізінде таңдау кішігірім заттарға байланысты болады: климат, орналасқан жері, орталықтардың жақындығы, студенттік қоғамдастықтардың жұмысы себебі академиялық жоспарда - олардың барлығы адам нанғызысыз өзгешеліктерге толы", - дейді оқушы өзінің жеке блогында.
Антон Моргунов соңғы екі жылда химия пәні бойынша беделді жарыстардың жеңімпазы атандды.