Норвегия Ғылыми Кеңесінің орындаушы директоры және ДДСҰ ғылыми кеңесшісі Джон-Арне Роттингеннің айтуынша, диагностикалық сынамалар мен вакциналар әлі де дайындалып жатыр.
ДДСҰ бұл ауру түрінің Эбола вирусынан да, Ласса безгегінен де қауіпті болатынын айтады.
Әзірге Икс ауруының қыр-сыры зерттелген жоқ. Мамандар оның үй жануарлары немесе АИТВ, яғни көпшілікке ВИЧ атауымен белгілі ауру түріне шалдыққан адамдармен байланысуы арқылы таралатынын айтады.
Эбола вирусын жаппай жұқтыру жағдайы әлем бойынша 2015 жылы тіркелген және 11 мың адам сол дерттің құрбаны болған. Бұл дерт түрімен күресуге Қазақстан, Ресей мен Қытай мемлекеттері 60 млн доллар жұмсаған.