«Киберқауіпсіздік» деген термин бар. Осыдан туындайтын ұғымдар тағы бар: киберкеңістік, киберқорғау, кибератака, кибершабуыл, киберқалқан дегендей. Алайда бұл ұғымның халықаралық деңгейде көпшілік мойындаған бірыңғай заңды анықтамасы жоқ.БҰҰ деңгейінде Халықаралық электр байланыс одағының (ХЭО) Ғаламдық киберқауіпсіздік бағдарламасы немесе «Киберқауіпсіздіктің ғаламдық мәдениетін қалыптастыру және аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымдарды қорғау жөніндегі ұлттық күштерді бағалау» БҰҰ Бас ассамблеясының қарары секілді бірқатар құжаттар бар. Бұл құжаттарда үш нәрсе қатты ескерілген.1. Жеке өмірге қолсұғылмаушылық.2. Электрондық нысандағы ақпараттың құпиялылығы, тұтастығы мен қолжетімділігі.3.Интернетпен өзара іс-қимыл жасайтын аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды зиян келтіретін ықпалдан бағдарламалық-техникалық әдістермен қорғауды қамтамасыз ету мәселелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану.Дүниежүзінде киберқауіпсіздік мәселесі қалай қорғалған?Норвегияда жаңа қызметтер мен құрылғыларды қолданушылардың құзыретіне өте жоғары талаптар қойылған. Ақпараттың, жүйелер мен желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басты жауапкершілік меншік иесіне немесе операторға жүктеледі. Эстонияда ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігіне басты назар аударылады. Финляндияда киберқауіпсіздікті финдік ақпараттық қоғамның дамуымен тығыз байланысты экономикалық сипаттағы проблема ретінде қабылдаған. Словакия ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоғамның қалыпты жұмыс істеуі мен дамуының қажетті шарты ретінде қарастырады. Чехияның киберқауіпсіздік стратегиясының негізгі мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді ұшырауы мүмкін осалдықтардан қорғауды және жүйелерге жасалатын атакалардан келетін ықтимал зиянды азайтуды қамтиды.Франция ақпараттық жүйелердің ақпараттың қолжетімділігіне, тұтастығына және құпиялылығына әсер етуі мүмкін оқиғаларға қарсы тұруға қабілетті болуына басты көңіл бөледі. Германияның стратегиясы аса маңызды ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігінің негізін қалайды. Мұнда кибершабуылдардың алдын алуға және оларды қылмыстық қудалауға, сондай-ақ кездейсоқ факторлардан туындайтын IT жабдықтың істен шығуына жол бермеуге бағдарланған. Нидерланды, бір жағынан, осы жүйелердегі ауыр бұзушылықтардан қауіптенгендіктен, қауіпсіз және сенімді ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге ұмтылады, екінші жағынан, интернет-кеңістіктің еркін және ашық болу қажеттілігін мойындайды. Ұлыбританияның тәсілі киберқауіпсіздікті дамытуға бағытталған. Біріккен Корольдіктің мақсаты – ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялар, инвестициялар және сервистердің сапасы бойынша бірінші орынға шығу және сол арқылы киберкеңістіктің барлық артықшылығы мен игілігін толық көлемде пайдалану.Қазақстанда 2010 жылдан бастап, 2016 жылға дейінгі кезеңде интернетті пайдаланушылар қатары күрт өсті, ал мобильді интернетті пайдаланушылар саны 11-12 миллионға жетті. Интернет пайдаланушылар санының жедел ұлғаюы киберқауіпсіздік мәселесін туындатады. Қазақстанда 2017 жылы 100 мыңға тарта кибершабуыл жасалғаны тіркелген. Демек, қорғаныс әлсіз. Жұрттың көпшілігі өздерінің дербес компьютерлерін, смартфондарын, планшеттерін қорғау үшін мамандандырылған бағдарламалық жасақтамаларды пайдаланбайды. Мұны хакерлер тиімді пайдалануда.Мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік секторда ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Елдегі 93 жоғары оқу орнының ішінен тек қана 7-еуі «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша маман даярлайды. 2015-2016 жылдары 32439 студенттің ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 226 адам ғана оқыған.Заман алға кеткен сайын озық технологияның жақсы жағы да, жаман жағы да бар. Мемлекет тарапынан киберқауіпсіздік мәселесіне қатысты арнайы тұжырымдама қабылданғанымен, «троян-шифровальшиктер» бір сәт те қалғымайды. Осы да естен шықпаса дейміз. Нұртөре ЖҮСІП Дерккөз: "Айқын" газеті
Қайда, киберқалқан?!
Жақында әлеуметтік желіде бір замандасымыз шырылдады да қалды. Сөйтсек, оның баспанаға қатысты барлық құжатын белгісіз біреу жасырын пайдаланған көрінеді. Анау байғұс шыр-пыры шығып ХҚКО-ға барады, олар анда сілтейді, мында сілтейді. Өзіне тиесілі ақпараттың қалай «қолды болғанын» біле алмай, шарасыз күй кешкен жанның жағдайын көргеннен кейін киберқауіпсіздік дейтін мәселені күн тәртібіне шығаруға тура келеді.