Биыл елімізде алғашқы қоңырау әдеттегідей 1 қыркүйекте емес, 2 қыркүйек күні соғылды. Себебі, 1 қыркүйек Құрбан айт мейрамына сәйкес келіп, оқу жылы 2 қыркүйекте басталды.
Жаңа оқу жылында бiрiншi сыныпқа 380 мың бала барды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 10,5 мың балаға көп. Ал, барлық оқушы саны 2,9 миллионнан асты.
2016 жылы елiмiзде жаңартылған бiлiм мазмұны кезең-кезеңмен енгiзiле бастағаны белгілі. Биыл осы бағытта жұмыс жалғасып, 2, 5 және 7-сыныптар жаңа оқу бағдарламасына көшті.
Нөлiншi сынып енгiзiлдi2017 жылдан бастап бірқатар балабақша мен мектепке нөлiншi сынып пилоттық режимде енгiзiлдi. Нөлiншi сыныпты толығымен 2019 жылы енгiзу жоспарланып отыр. Оны мектепте және балабақшада оқуға болады.
Әліппе қайта оралды2017 жылғы оқу жылынан бастап Әліппе мектепалды даярлық тобында оқытыла бастады. Биыл көптеген балабақша мен мектеп Әліппені пилоттық режимде өткіземіз деп ұсыныстарын түсірді.
«Сауат ашу» «Ана тiлi» деп өзгертілетін болдыБiрiншi сыныпта оқытылатын Сауат ашу пәнiнiң атауы 2019 жылы Ана тiлi деп өзгертілетін болды. Осылайша, көптің көңілінен шықпаған Сауат ашу атауын құлағымыз үйренген Ана тілі пәніне ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Оқулықтар мен жұмыс дәптерлеріне қатысты дау ушыға түстіҚоғамда оқулықтардың арнайы жұмыс дәптерлерін сатып алу керектігі наразылық тудырды. Дәптерлердің қымбатшылығына қарамастан Сағадиев тек оқулықтарға ақша бөлінетінін, ал дәптерлерді жергілікті әкімдер әперу керектігін айтты.
Астанада бірыңғай мектеп формасы енгізілдіБиыл Астана мектептерінде қою көк түсті бірыңғай киім үлгісі бекітілді. Дегенмен, елордалық оқушылар жаңа формаға бұрынғысы ескіргенде біртіндеп көше алады.
Бірнеше пәнді музейде өткізу шешілдіБҒМ келесі оқу жылынан бастап география, дүниетану, Қазақстан тарихы пәндерінің кемiнде екi сағатын мектеп сыртында - музейде, ЖОО музейлерi мен ғылыми институттарда оқытуды жоспарлап отыр.
Оқушылардың үй тапсырмасы қысқардыОқушылардың үй тапсырмасын қысқартатын бұйрық шықты. Білім министрлігінің бұйрығымен бекітілген нұсқаулықтар оқушылардың үй тапсырмасын азайтуды көздейді.
Түсініксіз оқулықтар халықтың ашуын келтірдіБАҚ пен әлеуметтiк желiде мектеп оқулықтарының мазмұнына наразылық білдіргендер көбейді. Ұстаздар мен ата-аналар видеоүндеу де жасап жатты. Мұндай оқулықтар қатарында 5 және 7-сыныптарға арналған орыс тiлi кітаптары да бар. Бұл оқулықтардағы Иван Ургант туралы тапсырма мен «И-пызява» ертегiсi көптің ашуын туғызды.
Бекболат Тілеухан Ерлан Сағадиевті жекпе-жекке шақырдыМәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан оқулықтардың сапасына сын айтып, министрді баспасөз бетінде жекпе-жекке шақырды. Ал, Сағадиев жекпе-жекке шығу Үкіметтің жұмысы емес екенін айтты. Министрді биыл қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан да теледебатқа шақырған еді.
Мұғалімдер үй-үйді араламайтын болды«Ендi мұғалімдер үй-үйді араламайды» деді Ерлан Сағадиев. Осылайша, министр ұстаздарды өзiнiң қызметiнен басқа шаруаларға мiндеттеуге тыйым салды. Министрлік ұстаз еңбегiн басқа мақсатта пайдалануға тыйым салатын бiрқатар бұйрық пен қаулы шығаруға кірісті.
Ағылшын тiлiнде сабақ беретін мұғалiмдерге үстемақы төленетіні белгілі болды2019 жылдан бастап ағылшын тiлiнде сабақ беретін мұғалiмдерге 25 пайыз үстемақы төлеу туралы шешім қабылданды. Биыл ағылшын тілі курстарына 12 мың мұғалім жазылып, 500 сынып ағылшынша оқытыла бастады.
Ұстаздар 8 наурызда гүлсіз қала жаздадыӘлеуметтiк желiде «мектеп қабырғасында ұстаздарға гүл немесе сыйлық беруге тыйым салынады» деген ақпарат тарады. Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.
Кәсіптік білім тегін беріле бастады2017 жылғы қыркүйектен бастап елімізде Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы енгізілді. Осылайша, жоба аясында жастар техникалық, ауыл шаруышылық, сервис және қызмет көрсету мамандықтары бойынша колледждерге емтихансыз, сұхбаттасу қорытындылары бойынша қабылдана бастады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы жаңардыОсы жылдан бастап түлектер емтиханды екі рет тапсыратын болды. Олар - мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандары. Былтырдан бастап ҰБТ-дан өте алмағандар емтиханды қайта тапсыру құқығына ие болған еді.
ҰБТ-дан құлаған түлектер тегiн оқып, шәкіртақы алатын болдыҰлттық бiрыңғай тестiлеуден өте алмай қалған мектеп түлектері техникалық-кәсiптiк бiлiм беру орындарына тегiн оқуға жолданды. Шәкіртақы да тағайындалды.
ҰБТ сұрақтары қоғам наразылығын тудырдыТест сұрақтарында Ермек Тұрсынов, Баян Есентаева, Нұртас Адамбай, Геннадий Головкин сияқты шоу-бизнес пен спорт өкілдерінің жүргені жұрт наразылығына душар болды.
«Алтын белгі» иегерлеріне қатысты шу шықтыБиыл ҰБТ-да жоғарғы балл жинаған талапкерлер, оның ішінде «Алтын белгі» иегерлерінің грантсыз қалуына байланысты шу шықты. Осы жолы «Алтын белгіліктерге» грантты ЖОО, әкімдіктер мен министрліктер бөлді. Ал, 2018 жылы «Алтын белгі» алғандарға ҰБТ-да тең балл жинағанда ғана артықшылық берілмек.
Латын қарпiн енгізу жұмысы мұғалiмдерден басталатын болдыБiлiм және ғылым министрi латын қарпiн енгiзу жұмысы мұғалiмдерден басталатынын айтты. «Ең алдымен бiз мұғалiмдердi даярлауымыз керек. Ұстаздар жеткiлiктi болғанда жұмысты одан әрi жалғастырамыз» деді Сағадиев.
Білім министрі Ерлан Сағадиев «биыл күрделі реформалар болмайды» десе де, білім саласы бірқатар өзгерісті бастан кешірді. Ал, 2018 жылдың қандай жаңалық әкелетінін уақыт көрсетер.
Дереккөз: bilim-all.kz