Шахталардан 3 кенші ауруханаға жеткізілді
14.12.2017, 15:55

Шахталардан 3 кенші ауруханаға жеткізілді

«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларының наразылық  шарасы басталғалы бері 3 кенші медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлады Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исан «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне.

«Кеше, Шахтинск қаласындағы орталық ауруханаға Қазақстан шахтасынан 1982 жылы туылған ер адам жеткізілді. Ол жедел жәрдеммен емес, басқа қызмет көлігімен жеткізілді», - деді ол.

«Науқастың айтуы бойынша, ол энергетикалық сусын ішкеннен кейін қалшылдай бастаған. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, жалпы палатада жатыр. Әзірге біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болады», - дейді баспасөз хатшысы.

Бұдан басқа, «Тентек» шахтасынан екі кенші жеткізілген. Олар ауруханаға жатудан бас тартып, қолхат жазып кетіп қалған.

Айта кетсек, 11 желтоқсан күні басталған наразылық шарасы әлі жалғасып жатыр. Түрлі дереккөздер бойынша, қазір кеніштерде 600-ден 1000-ға дейін шахтерлер бар. «АрселорМиттал Темиртау» жұмысшылары басшылыққа жалақыны көтеру туралы шарт қойып отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер