Өндіруші компания кінәсін мойындап, әйелден кешірім сұраған, тіпті өтемақы ретінде бір дорба шұжық ұсыныпты. Алайда Зарина сотқа шағымданып, он миллион теңге моральдық өтемақы өндіріп алуға бекініп отыр.
"Балам жұтып қойса ше? Ақыры немен бітер еді? Тауардың сапасына қатты күдіктеніп қалдым. Олардан лицензияны қайтарғанын немесе айыппұл салғанын қалаймын. Мұндай жағдай алғаш рет болып отыр деп ойламаймын. Адамдар үндемей қоя салады", — дейді ол.Өндіруші шұжыққа өнімнің ұшын бекітетін алюминий қыспа түсіп кеткенін мәлімдеді.
"Қыспа өткір емес, қауіп келтіруі екіталай. Байқамай қалу мүмкін емес: оншалықты кішкентай емес. Бас технолог Заринаға барлық процесті түсіндірді, кешірім сұрады. Ол "маған моральдық шығын керек" деп көнбей қойды. Содан соң жеп көріп, сапасын қадағалайтынымызға көз жеткізсін деген ниетпен шұжығымызды ұсындық. Алайда ол бас тартты. Он миллион теңге сұрады. Бұл шектен шығу ғой. Қайтеміз енді, соттасамыз", — деді фирма директоры Екатерина Шелеметьева.