"Қазақтар болмаса біздің жалпы жұрт болып сақталуымыз, аман қалуымыз қиын еді дегенді біздің құлағымызға құйып отыратын әке-шешелеріміз. Енді ол сөзді біз өзіміздің балаларымыздың, немерелеріміздің құлағына құюмен келеміз. Егер сол зарлы заманда, Құдай бетін әрі қылсын, әке-шешем аштықтан, аурудан немесе құсадан өмірден өтіп кеткенде мына мен 1954 жылы қазақ жерінде дүниеге келмейтін де едім! Міне, мәселе қайда. Сондықтан да біздің әрқайсымыздың қазақтарға, қазақстандықтарға айтар алғысымыз бөлекше. Ингуштар үшін Қазақстан өзінің Отанына айналған ерекше мекен. Менің үлкен қызым қазақстандық азаматқа тұрмысқа шыққанда... Құдамыз" депті қайраткер.
Сондай-ақ, ол: "Айтайын дегенім, менің үлкен қызым қазақстандық азаматқа тұрмысқа шыққанда қарындасым: «Лейла, заманның өзгергенін қарашы. Бір кезде аталарымыз Қазақстанға қинала-қинала барған еді, енді біз Қазақстанға қуана-қуана бара жатырмыз!» деген болатын. Міне, көрдіңіз бе? Осының бәрін мен қазақстандықтардың ерекше қалпымен, халықтың сондай қалпын жасап отырған ардақты адаммен – елдің лидері Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырамын" деп атап өткен.
Менің үлкен қызым қазақстандық азаматқа тұрмысқа шыққанда қарындасым: «Лейла, заманның өзгергенін қарашы. Бір кезде аталарымыз Қазақстанға қинала-қинала барған еді, енді біз Қазақстанға қуана-қуана бара жатырмыз!» деген болатын.
Р.Аушевтің айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы ең бір қиын жылдарда өзінің елін ортақ мақсат жолында біріктіре білген, аса ауыр асулардан аман-есен өткізіп, биік белестерге бастай алды. Қазақстанның табыстары мен жетістіктері, оның басшысының халықаралық аренадағы бағалы бастамалары жан жадыратады, мақтаныш туғызады.
"Бұлай дегенде мен Қазақстан өзімнің туған жерім болғандықтан ғана айтпаймын, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ғылыми негізделген, жан-жақты, терең ойластырылған стратегиясы нақты нәтиже беріп отырғанын өз көзіммен көріп жүргендіктен айтамын" деп баға берген ингуштың тұңғыш президенті.