350 мың теңге жалақы көп пе?
29.11.2017, 01:03

350 мың теңге жалақы көп пе?

Астаналық автобус шопырлары айына 350 мың теңге жалақы алады екен. Бүгін көп талқыланып жатқан жаңалықтардың бірі - осы. 

Бұл аз ба, әлде көп пе? Менің ойымша, қанағаттанарлықтай. Себебі, қоғамдық көлік шопыры автобус ішіндегі пассажирлерге, жол үстіндегі қауіп-қатерге, одан қалды көліктің бүлінбей, бүтін болуына басымен жауап беретін тұлға. Олардың жұмысы таңғы 5-тен басталады, бәріміз пырылдап ұйықтап жатқанда, олар әлі де жолаушы тасымалдап, тек түнгі сағат 1-де үйлеріне қайтады.


Ал автобустың кәсіби жүргізушісі атану үшін, алдымен, кәсіби шеберлікті жетілдіретін орталықта білім алу керек. Біліміңізді көрсете алсаңыз, асықпаңыз, сізді алда арнайы медкомиссия күтіп тұр, ішінде психологпен жұмыс бар. Содан кейін тәжірибелі маманның қадағалуымен 112 сағаттық тәжірибеден өту керек. Жоқ жерден шауып келіп, шопыр бола қалуға болмайды. Бұның барлығы - еңбек.
Оған қоса, болашақта астаналық автобустар түгелімен электронды төлемге көшіп, кондукторларсыз жұмыс істейді деген жоспар бар. Әрине, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін барлық автобустар валидаторлармен қамтамасыз етілуі керек. Маршруттарға енді қосылып жатқан автобустардың барлығында валидаторлар қондырылған. Ал бұрыннан келе жатқан ескі автобустарда бұл мәселе жылжымалы валидатор көмегімен шешілмек. 
Айтпақшы, бүгінгі күні астаналық паркте 1140 аса автобустар есепке алынған, олардың 738 бірлігі жетекші IVECO BUS Еуропалық Компаниясының ең замауи автобустық техникасы болып табылады. Бұл модельдер - жолаушылардың қауіпсіздігіне толығымен жауап береді. Жаңа, жайлы автобустар заманауи технологиямен жабдықталған, астананың ауа райына, тұрғындардың сұранысы мен қажеттіліктеріне толығымен сәйкес келеді. 


Сондай-ақ, 2015-2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілген жаңа автобустарға өндіруші компания сапалы және мобильді сервистен басқа, 8 жыл кеңейтілген кепілдік береді. Аталған уақыт аралығнда қоғамдық көлік 1 млн шақырым жол жүруі мүмкін. Осы кезде барон Ротшильдтің сөзі еске түседі: «Я не настолько богат, чтобы покупать дешёвые вещи». Иә, бүгінгі таңда астаналық автобустардың бағасы арзан емес, бірақ сапа, жайлылық, тіпті өнідіруші тарапынан берілетін кепілдікті есепке алғанда, әр теңге өзін ақтайтыны анық. 
Айта берсе, жолаушылар үшін жасалып жатқан жаңалық көп -ақ. Бағалай білсек, жөн.

© Клара Ермагамбетова

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер