Ит балықтардың қырылу себебі тексерілуде
26.04.2017, 14:34

Ит балықтардың қырылу себебі тексерілуде

Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қалалық жағажайында, су жағасына шығып қалған 245-ке жуық  итбалықтардың өлекселері табылды, деп хабарлайды silteme.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтей отырып.

Осыған байланысты ҚР АШМ ОШЖДК Маңғыстау облыстық орман шарушылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, Түпқараған ауданының ветеринария қызметінің және Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінен құралған оперативті топ оқиғаның орын алу себебін анықтауда. Теңіз жануарлары өлген жердің суы мен топырағынан сынамалар алынып, өлекселерді арнайы зертханада тексеріп жатыр

Сонымен қатар, Каспий итбалығының сандық динамикасын зерттеп, оның популяциясына қатер төндіретін факторларды кешенді бағалау үшін «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің және Гидробиология және экология институтының мамандарымен бірлесіп, Инспекция қызметкерлері Дурнев аралына экспедиция ұйымдастыруда. А.ж.16 сәуірі мен 18 мамыры аралығына жоспарланып отырған бұл экспедицияның нәтижесінде, теңіз жануарлары өлімінің нақты себептері жан-жақты зерттеліп және олардың өлім қапін төмендету бойынша ұсыныстар мен жобалар әзірлейді.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер