Показать содержимое по тегу: соғыс ардагерлері
Қан мен тердің арқасында келген медаль құны 10 мың теңгеден де аспайды. Ғаламторда соғыс пен тыл ардагерлеріне берілген төсбелгілердің саудасы қызған. Коллекционерлер үшін ыңғайлы, бірақ майдандағы қырғынды көргендерге бағасы жоқ орден-медалдардың ашық сатылуы ардагерлер тарапынан қатаң сынға ұшырауда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандық жауынгерлер ерен ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. Соның нәтижесінде 500-ге жуық отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды. Алайда, бұл тізімнің бұдан да көп болуы әбден мүмкін еді. Себебі, тағы да 100-ге жуық отандасымыз осындай ең жоғары наградаға ұсынылып, түрлі себептерге байланысты ол марапаттарына қол жеткізе алмады. Тіпті олардың наградаға ұсынылғанын дәлелдейтін марапат парақтары да табылып, нақты деректермен дәлелденген. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы осындай ардагер аталарымызға тағзым ретінде олардың ұрпақтарымен кездесіп, қолдау көрсету мақсатында «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты арнайы акцияны қолға алды.