Қазіргі таңда Қазақстанда ажырасу мәселесі өзекті болып отыр. Көбіне шаңырақ көтергендеріне 5 жыл да болмаған жас отбасылар ойран болуда. Шырқы бұзылған отбасы саны қоғам дамуының дертіне айналды.
Әлеуметтік жоба биыл қарашаға дейін жалғасын табады.
Жаңа жоба Қазақстанның әр өңірін қамтиды. Youtube арнасында орналасқан «Бақытты отбасы атанудың жолдары қандай?» атты видеоресурста жас отбасылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап таба алады.
Елордада өткен баспасөз мәслихатында аталған әлеуметтік жобаны іске асыру мәселесі талқыланды.
Оған АҚДМ және АБҚО өкілдері, "Замандас 21" қоғамдық қорының басшысы Ләззат Алшынова, психологиялық қызметтің басшысы Наталья Семененко қатысты.
Отырыста мамандар отбасында кездесетін келелі мәселелерді ортаға салып, оны шешудің нақты жолдарын қарастырды.
Мұндай жобалар мұндай қоғам дертін жазуға септігін тигізеді деген пікірде.
Аталған әлеуметтік жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы берген гранттық қаражат есебінен іске асырылуда.
Қазақстанда әрбір бесінші отбасы ажырасып жатыр
Бүгінде елімізде жаңадан көтерілген 100 отаудың әрбір бесіншісінің түндігі бес жылға жетпей жабылып жатыр. Бұл туралы «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс - шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасын іске асыруға арналған баспасөз конференциясында мәлім болды. Шараның мақсаты - отбасы құндылықтарын насихаттау.