Назарбаев: жаужүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр, бірақ ол абыройлы борыш
08.05.2018, 10:50

Назарбаев: жаужүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр, бірақ ол абыройлы борыш

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы "Отар" әскери базасының аумағында президенттің қатысуымен ҚР Қарулы күштерінің әскери парады өтті.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

әскери парад, архив суреті © Sputnik / Бүгін - Отан қорғаушы күні

"Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді" деген дана халқымыз. Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, тәуелсіздіктің қорғаны болу мәртебелі зор міндет. Жау жүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр, бірақ ол абыройлы борыш, қастерлі парыз. Қарулы күштеріміз — халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны", — деді Назарбаев Жамбыл облысындағы "Отар" әскери базасында өтіп жатқан жауынгерлік парадта. 

 Президент азаматтарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде әскери дәстүр маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 

"Жауынгерлік ту — туған жерге адалдықтың, ерлік пен батырлықтың нышаны. Қасиетті байрақ рухы биік, ержүрек сарбаздарды әрдайым жеңіске жетелейді. Бауыржан Момышұлының "Батырлық өскен ортаға, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады" деген сөзі бар. Азаматтарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде әскери дәстүр маңызды рөл атқарады. Әр сарбаз Отан қорғаушы ретінде өзінің ел алдындағы ерекше жауапкершілігін сезінуге тиіс. Қарулы Күштерімізде жігерлі жігіттермен қатар аяулы аруларымыз да әскери қызметті абыроймен атқарып жүр. Сондықтан бүгінгі мереке ер азаматтармен қатар сап түзеген қайсар қыздарымызға да ортақ", — деді ол. 

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің Отан қорғаушыларға әрқашан қамқорлық көрсетіп келетінін айтты. 

"Өткен жылы әскери қызметшілердің лауазымдық жалақысы 25 процентке артты. Әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тауып келеді. Мұның бәрі Қарулы Күштер сарбаздарының ар-намысы мен айбынын арттыруға жол ашады. Сондықтан мен сіздерді әскери антқа адал болады деп сенемін!", — деді Елбасы.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер