Қазақстанда мектеп түлектерінің биыл қай күні аттестат алатыны белгілі болды. Ол – 15 маусым. Шараның тақырыбы Астананың 20 жылдығы болмақ. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің блогында хабарланды, деп жазады Today.kz.
Биыл Қазақстанда түлектердің қай күні аттестат алатыны анықталды
2018 жылдың 15 маусымы 2017-2018 оқу жылдарында мектеп бітіретін түлектерге аттестат табыстау салтанатты шарасы өтетін бірыңғай күн болып белгіленді. Аталған шараны ұйымдасып өткізу мақсатында Астананың 20 жылдығына арналған "Ел жүрегі – Астана" мектеп бітіру кешін өткізу Концепциясы бекітілді.
Облыс әкімдері мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне ақпараттық хат жолданғаны айтылды.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13