Қытай билігі телевизия саласында көркем туындыларға әзіл-сықақ, пародиялық бағыттағы роликтер түсіруге тыйым салды. Бұл тыйым телевизияға да, блогерлерге де қатысты, деп хабарлайды Sounth China Morning Post ақпарат агенттігі.
Шенеуніктердің пікірінше, мұндай контент маңызды әлеуметтік қағидаларға кедергі келтіреді, сонымен бірге Си Цзиньпиньнің абыройына нұқсан келтіруі мүмкін.
Мемлекеттің әкімшілігі қабылдаған құжат бойынша, көркем туындылар мен классикалық әдебиеттерге кір келтіретін, оларды сынап, кекететін видеороликтерге қатаң тыйым салынады. Аталмыш ережені бұзған жағдайда телевизиялық БАҚ немесе блогерлер жұмыстан шығарылады және бұғатталады.