АҚШ-та 40 мыңнан астам мұғалім ереуілге шықты
04.04.2018, 10:51

АҚШ-та 40 мыңнан астам мұғалім ереуілге шықты

АҚШ-тың Оклахома мен Кентукки штатында 40 мыңнан астам мұғалім ереуіл жариялап, наразылық шеруіне шықты деп хабарлайды 24.kz

 Салдарынан жүздеген мектепте сабақ болмай қалды. Оқытушылар биліктен жалақыны өсіріп, білім саласына бөлінетін қаржыны ұлғайтуды талап етіп отыр. Себебі, жалақының төмендігінен олардың көбі сауда орындары мен дәмханаларда қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Ал шәкірттер болса қаржыландырудың жеткіліксіздігінен Оклахомада 4 күндік оқуға көшкен.

Сондықтан шараны ұйымдастырушылар оқытушылардың жалақысын тағы 10 мыңға көтеріп, білім саласына қосымша 200 миллион доллар бөлуді сұрап отыр. Ал ресми дереке сүйенсек, Оклахома мұғалімдерінің жылдық орташа жалақысы 30-40 мың доллларды құрайды екен.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер