Кездесуге Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының Саяси жұмыс департаментінің директоры Данат Жумин, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахим Ошақбаев, республикалық жастар ұйымдарының басшылары қатысты.
Вице-министр Абзал Нүкенов өз сөзінде Президент бастамаларының жастардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, тұрғындар арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы ерекше маңызды.
«Біздің міндетіміз – аталған бастамаларды іске асыруды қамтамасыз ету. Осы мақсатта біз жастар ресурстық орталықтарын және жастар ұйымдарын тарту арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді А. Нүкенов.
Сонымен бірге, Абзал Нүкенов Президенттің әлеуметтік бастамаларын түсіндіру үшін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мамандарының және сарапшылардың қатысуымен әдістемелік құрал әзірлеуді ұсынды. Материалдар әрі қарай түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жастар ресурстық орталықтарына жолданады.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев төрт бастаманың жастарға тікелей бағытталғанына назар аударды және Президенттің серпінді ұсыныстарының кең түсіндірілу қажеттігін атап өтті.
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының Саяси жұмыс департаментінің директоры Данат Жуминнің пікірі бойынша, Қазақстандағы жоғары білімге қол жетімділік артуда.
«Өткен жылы бізде мектептерден 136 мың түлек шықты. Қазір қосымша 20 мың гранттар бөлінетінін ескере отырып, жоғары оқу орындарында оқуға жалпы гранттар саны 74 мыңды құрайды. Бұл іс жүзінде Қазақстанда жоғары білім алуды жоспарлаған әрбір екінші жас адам мемлекет тарапынан білім ала алатынын білдіреді. Яғни, еліміздегі білім жай ғана қолжетімді емес, ол іс жүзінде супер қолжетімді болады», - деп өз пікірін білдірді Д. Жумин.
Кездесудің қорытындысы бойынша бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар көтеріліп, соның ішінде жастарды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына кеңінен тарту айтылды.