Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.
«Түсінесіздер мен, бұл баладан бас тартуыма тура келеді. Себебі өзім әлі де аяққа тұрған жоқпын. Алдымен жағдайымды түзеп, мұнан кейін отбасын құру керек. Сонымен қатар бұл баланы қалаған жоқпын», – дейді Ақтөбе қаласындағы Аналар үйінде тұрып жатқан Татьяна Экштейн.
Татьяна Экштейннің оқиғасы көпшілікті елеңдетен еді. Оған жүктілігінің 8 айында көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберісінде түнеуге тура келген. Алайда оны қуып шығыпты.
Әйелдің жағдайына бей-жай қарай алмаған қайырымды жандар оны Аналар үйіне алып келген. Бүгін Татьяна Экштейн ауруханаға жатқызылды. Ол жерде әйел суық тиюден емделетін болады.
Ал Аналар үйінің директоры Татьянаның баласынан бас тарту жөніндегі шешімін талқылдаудың керек жоқ екенін айтады. Бастысты, ол баласын әлдеқайда тастап кете алмайды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Татьянамен психолог жұмыс жасапт жатыр. Оның ойынан айнып қалуы да бек мүмкін.
«Оның құжаттарын кеше ғана тапсырдық. Іскер әйелдер қауымдастығы оның айыппұлын ттөлеп берді. Құжаттар 10 ақпанда дайын болады», – дейді Ақтөбе қаласындағы Аналар үйіні директорв Таңсұлу Лакова.