Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы 233 инвестициялық жоба іске асырылған. Олардың құрылысына ҚР Ұлттық қоры, республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен 66,4 млрд. теңге қаралған болатын. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артып отыр.
«Биыл облыс аумағында жалпы республикалық және облыстық бюджеттен бағытталған 52,5 млрд. теңгеге жалпы 186 инвестициялық жобаның құрылысын іске асыру жоспарда. Сондай-ақ, өткен жылы жоспардағы 233 нысанның 115-і пайдалануға берілді. Қалған 118 нысан 2018 жылға өтпелі. Ұлттық қордан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 35 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 20 мектеп пайдалануға тапсырылды. Қалған 15 мектеп 2018 жылға өтпелі», - деді Құттыбек Рахматуллаұлы.
Бұдан өзге, өткен жылы облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын аудандарда жүргізу үшін инженерлік коммуникацияларға жалпы сомасы 8,9 млрд. теңгеге 21 нысанның құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 8 нысан пайдалануға тапсырылған.