Ресми ашылу салтанатына ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, найб мүфти Серікбай қажы Ораз мызра және Түркия Республикасының ҚР төтенше және өкілетті елшісінің өкілі Ибрагим Элмаз, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Әбсаттар Сманов және ҚМДБ бөлім меңгерішілері мен т.б. мәртебелі қонақтар арнайы қатысты.
Ресми шара алдымен Құран Кәрім тіләуат етумен басталып, алғашқы құттықтау сөзді ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, найб мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаға берілді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауын жеткізіп, үлкен рахметін білдірді.
«Бұл медресе Орта Азия елдерінде теңдесі жоқ бірден-бір діни оқу ордасына айналады деген сенімдемін. Біз перзенттерімізді діни оқу орына берген кезде имам, молда болсын деп емес, иманды, ибалы, адамгершілігі мен парасаты мол, елін, жерін ойлайтын ұрпақ тәрбилеу үшін беруіміз қажет» ,- деді найб мүфти.
Сондай-ақ, осы медресінің басы-қасында болып, құрылысын жүргізген елімізге белгілі, дінтанушы Қалиолла қажы Маджановқа қасиетті Құран Кәрімді хадия етіп, иығына ақ шапан жауап құрмет көрсетті.
Осыдан кейін, Түркия Республикасының ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісінің діни кеңесшісі Ибрагим Элмаз мырзаға беріліп, ол кісі алымен Түркия діни істер басқармасының төрағасы, профссор Мехмет Гормездің арнайы құттықтауын оқып берді. Ибрагим Элмаз мырза бұл медресе екі бауырлас елдің алтын көпіріне айлады деген тілек білдірді.
Жалпы, медресенің құрылысы үш қабаттан тұрады. Медресе 120 орынға арналған. Онда сынып бөлмелері, жатақхана, асхана, дәретхана, шағын спорт залы, конференция өткізу залы мен намазхана залдары орналасқан. Мұнымен қатар, қыздардың қосымша үйірмеге қатысуы үшін тігін цех бөлмелері жұмыс жасайды. Тігін цехында жаңа тігін машиналары бар. Сондай-ақ, заман талабына сай компьютер, интернет сыныптары жұмыс жасайды. Оқу ғимаратындағы барлық төсеніштер мен кілемдер қазақи ою-өрнектермен безендіріліп, өнімдер жергілікті кәсіп орындарда жасалған.